blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде Құрбан айтқа дайындық жиыны өтті

Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында Атамекен ауылындағы «Ар-Рахман» мешітінде арнайы жиын өтті.

Басқосуға мешіт қызметкерлері қатысып, алдағы мерекелік шараларды ұйымдастыру және жүйелі өткізу мәселелері талқыланды.

Жиын барысында мешіттің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Құрбан айт күндеріндегі дайындық жұмыстарын пысықтап, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, айт намазын жоғары деңгейде ұйымдастыру, құрбан шалу орындарындағы тәртіп пен тазалықты сақтау, жамағатқа қолайлы жағдай жасау және қайырымдылық шараларын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері арасында міндеттер бөлініп, Құрбан айт мерекесін рухани әрі тағылымды деңгейде өткізу бағытында ұсыныстар ортаға салынды.

Жиын соңында бас имам барша қызметкерлерді жауапкершілікпен қызмет етуге шақырып, ел амандығы мен бірлігі жолындағы ізгі істердің маңызын атап өтті.