«Әбіш қожа»мешітінің ұйымдастыруымен футболдан спорттық сайыс өтті
Жаңаөзенқалылық орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұйымдастыруымен меші жамағаты арасында футболдан спорттық жарыс өтті.
Достық пен бірлікті ту еткен бұл турнирге қала бойынша 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты әрі қызықты өткен ойындар көрермендер мен жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлап, алаңда нағыз спорттық рух сезілді.
Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І -орын: «Сәби Атабайұлы» мешітінің командасы;
ІІ -орын: Орталық «Әбіш Қожа» мешітінің командасы;
ІІІ- орын: «Қосай ата» мешітінің командасы.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Қатысушылар ұйымдастыру тобына алғыс білдіріп, осындай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.
