blog Images

«Әбіш қожа»мешітінде футболдан спорттық сайыс өтті

Жаңаөзен қалалық  орталық «Әбіш қожа» мешітінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Аталған спорттық шара Жастар ісінің өкілі Жорақұлұлы Әбділмүтәліп имамның ұйымдастыруымен өтті. Жарысқа мешіт жастары белсене қатысып, өзара достық пен ынтымақты нығайтты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды бірлікке, ұйымшылдыққа баулу, бос уақытты тиімді өткізуге және салауатты өмір салтын ұстануға үндесу болды.