«Төлей ишан» мешітінде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Басқұдық ауылдық Төлей ишан мешітінде «Muftiyat» баспасының к кітап жәрмеңкесі өтті.
Жұма намазына жиналған жамағатқа рухани-танымдық, діни тәрбиеге арналған, сондай-ақ отбасы құндылықтары мен ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын мазмұнды кітаптар таныстырылып, олардың маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Аталған шараның мақсаты – жамағаттың діни білімін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту және рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау болып табылады.
