blog Images

«Шаңырақ»мешіті:Еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Қасиетті жұма күні Жаңаөзен қалалық мешітінің 30 жылдығына орай  еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.

Мешітімізде 1997 жылдан бастап қызмет атқарған еңбек адамы Бекманова Замира Қалмұратқызы Жаңаөзен қалалық мешітінің Бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы алғыс хатымен марапатталды.

Ал мешітіміздің тазалықшысы, еңбек адамы Сағынова Орынша Мұратовна Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мұқаш Мақсат Асқарұлы алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ естелік ретінде арнайы сыйлықтар табысталып, ұзақ жылғы еңбектері мен мешіт қызметіне қосқан үлестері үшін ризашылық білдірілді.