Түпқараған аудандық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
Түпқараған аудандық мешітінде мешіт жамағатының және жергілікті халықтың қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Қайырымдылық шарасы аясында 12 отбасыға азық-түлік себеттері мен ет өнімдері таратылды. Бұл игі бастама мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамдағы бауырмалдық пен қайырымдылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт бас имамы Серікболат Бежен қайырымдылық шарасына атсалысқан жандарға алғыс айтып, мұндай қайырымдылық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
