Түпқараған аудандық мешітінде білім сайысы өтті
Түпқараған аудандық мешітінде ерлер мен әйелдер арасында қасиетті Құранның «Мүлік» сүресін арабша жатқа оқу, оның қазақша мағынасын баяндау және тәпсірін түсіндіру бойынша танымдық-рухани жарыс ұйымдастырылды.
Аталған сайысқа қатысушылар сүрені мәнерлеп оқып қана қоймай, оның мазмұны мен тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетуге тырысты. Бұл шара дін ілімін тереңірек меңгеруге, Құран аяттарының мағынасын түсініп оқуға деген қызығушылықты арттыруды мақсат етті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
