blog Images

Облыс бас имамы «Ержан хазірет»мешітінде жұма уағызын айтты

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Ақтау қалалық «Ержан хазірет»мешітінде жұма уағызын айтты.

Жұма уағызында бас имам «Қажылықтың тәрбиелік және рухани құндылығы» тақырыбында кеңінен насихат айтып, қажылықтың мұсылман өміріндегі орны мен тағылымына тоқталды. Уағыз барысында қасиетті сапардың адам баласын сабырлыққа, тәртіпке, тақуалыққа тәрбиелейтін рухани мектеп екені айтылды.

Сонымен қатар, бүгін 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, уағыз барысында Ислам дініндегі отбасы құндылығы жайлы насихат айтты. Отбасының қоғамның негізі екені, берекелі шаңырақтың сүйіспеншілік, сыйластық пен жауапкершілік арқылы қалыптасатыны кеңінен түсіндірді.