Мешіт жамағаттары арасында футболдан спорттық сайыс өтті
Ақтау қалалық «Шопан ата» мешіті мен Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешіті жамағаттары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.
Спорттық шараның басты мақсаты – жамағат арасында достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және өзара бауырмалдықты арттыру болды. Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, ойын тартысты әрі қызықты өрбіді.
Аталған шара жамағат арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
