blog Images

Мұстафа (с.ғ.с)мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді

Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с)» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында мешіт ауласы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, мешіт іші де толықтай тазаланып, жамағат үшін жайлы әрі таза орта қалыптастырылды.

Игі іске белсене қатысқан жамағат пен мешіт қызметкерлері ауызбіршілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, ортақ іске өз үлестерін қосты.