Бірлік күні: Оразмағанбет ахун мешітінде рухани жиын өтті
Оразмағанбет ахун мешітінде 1мамыр-Бірлік күніне орай жамағат дастархан басында бас қосып, рухани мазмұндағы кездесу өтті.
Жиын барысында жамағатқа бірлік пен татулықтың маңызы туралы уағыз-насихат айтылып, ел ішіндегі ауызбіршіліктің құндылығы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, жамағатпен бірге алда келе жатқан Құрбан айт мерекесінде атқарылатын шаралар талқыланып, ұйымдастыру мәселелері ортаға салынды.
Мешіттің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы жиналған жамағатты ынтымаққа, өзара құрмет пен жанашырлыққа шақырып, берекелі бірлік тілегін білдірді.
