blog Images

Ұлттық кітап күні: Оразмағанбет ахун мешітінде жамағатқа кітаптар таратылды

Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінде Ұлттық кітап күніне орай  мешіт жамағатына рухани және танымдық кітаптар сыйға тартылды.

Мешіттің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, кітап – адамды кемелдікке жетелейтін рухани қазына екенін атап өтті. Сонымен қатар, жамағатты үнемі ізденіп, пайдалы білім алуға шақырып, игі іске атсалысқан жандарға алғысын білдірді.