Келімберді ахун мешітінің ауласына 200дана ағаш көшеттері отырғызылды
Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылдық Келімберді ахун мешітінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мешіт ауласына 2 дана шырша, 30 дана көлеңкелі ағаш, 22 дана жеміс ағашы, 100 дана раушан гүлі және 100 дана өзге де ағаш көшеттері отырғызылды. Аталған жұмыстарға мешіт қызметкерлері мен жамағат белсене атсалысты.
Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және жасыл аймақтарды көбейту. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл сөзді басшылыққа алған дін қызметкерлері табиғатты көркейтуге өз үлестерін қосты.
