Ақшұқыр мешіті:Қошқар ата қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді
«Өткенге құрмет – тіріге міндет» республикалық акциясы аясында Ақшұқыр ауылдық мешітінің қызметкерлері мен жамағаты Қошқар ата қорымы аумағына барып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Игі шара барысында қорым аумағы қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, жиналған жамағат марқұмдардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
