Ақтау қалалық мешіті «Рамазан базарлығы» жобасына үн қосты
Қасиетті Рамазан айының құрметіне Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде «Рамазан – мейірім айы» атты шара ұйымдастырылды.
Ізгі шара барысында құлшылық үйінің бас имамы Құрманбек Лашкарбекұлы шәкірттерге қасиетті айдың мән-маңызы туралы насихат айтып, кітаптар мен тәтті сыйлықтарды үлестіріп берді.
«Бүгінде мешітте 40-тан астам шәкірт білім алуда. Балаларға имани сауат ашумен қатар, ахлақ, салт-дәстүр, ата-анаға және ұстазға құрмет сияқты дәрістер өткізілуде. Олардың үлкені 16 жаста болса, ең кішісі 4 жаста. Барлығы да жыл бойы мешітімізде білім алып, қасиетті Құранды жаттайды», деді Құрманбек Лашкарбекұлы.