Ержан Хазірет мешітінде қажылыққа дайындық семинары өтті
Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінде жамағат пен шәкірттерге «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы баяндалды.
Жиын барысында мешіттің наиб имамы Ержан Бақытжанұлы тұғырнаманың мазмұнына кеңінен тоқталып, қажылыққа дайындықтың рухани және практикалық қырлары жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, қасиетті сапарға ниет еткен жандарға қойылатын талаптар мен әдебіне ерекше мән берілді.
Кездесу аясында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қажылыққа дайындық барысындағы маңызды мәселелер талқыланды.
