blog Images

«Ержан Хазірет»мешітінде 10 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Ақтау қалалық  “Ержан Хазрет” мешітінде қайырымдылық іс- шарасы өтті.

Игі іс-шара барысында жалғыз басты аналар, ерекше бала бағып отырған аналар, әлеуметтік аз қамтылған  10 отбасыға арнайы азық-түлік салынған себеттер үлестірілді.

Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде:

«Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған.

Шара соңында көмек алған отбасылар  ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.