Сайын Шапағатов мешіті:35отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 35 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Қайырымдылық көмекті мешіттің бас имамы Арман Досанов табыстап, жиналған жамағатты ізгілік пен жанашырлыққа үндеді. Сонымен қатар, мұндай шаралардың қоғамдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтудағы маңызын атап өтті.
Акцияның басты мақсаты – мұқтаж жандарға көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық құндылықтарын кеңінен насихаттау.
