blog Images

Сарбаздармен жат ағымдардың алдын алу мәселесі талқыланды

Түпқараған ауданының бас имамы Серікболат Бежен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Жағалау күзеті екінші дивизионында насихат жүргізді.

Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және дұрыс діни білімнің маңызы жөнінде түсіндірме берілді. Бас имам өз сөзінде жас сарбаздардың рухани тұрақтылығы мен отансүйгіштік қасиеттерін нығайтудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушыларға дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстану, теріс ағымдардың ықпалынан сақтану және діни сауаттылықты арттыру бағытында насихат айтылды.