blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде кезекті Пәтуа сағаты өтті

Ақшұқыр ауылдық мешітінде құптан намазынан кейін Пәтуа сағаты өткізілді.

Аталған рухани жиынға мешіт жамағаты қатысып, шариғи мәселелер бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Пәтуа сағатын мешіттің бас имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы жүргізіп, жамағатқа маңызды діни тақырыптар бойынша насихат айтты.

Кездесу барысында  «Мешіттің құбыласына қатысты үкім» және «Спирт қосылған тағамдар мен тәттілердің үкімі» тақырыптарына кеңінен тоқталып, Ислам шариғатындағы негізгі қағидаларға сай түсіндірме берді. Сондай-ақ, күнделікті өмірде мұсылман адам ұстануы тиіс әдеп пен сақтық мәселелері де сөз болды.