blog Images

Иғтикафқа ниет еткен азаматтарға дәріс оқылды

Қасиетті Рамазан айына орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде иғтикафқа ниет еткен жамағатқа дәріс оқылды.

Шара барысында Маңғыстау өңірінің бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы және облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы жамағатқа иғтикаф, оның мән-мағынасы мен әдебі, сондай-ақ құлшылық үйінің тәртібі жайлы толыққанды ақпарат берді.