blog Images

«Той – дарақылық, жаназа – бәсеке емес»: Маңғыстауда облыстық форум өтті

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Той – дарақылық, жаназа – бәсеке емес» атты облыстық форум өтті.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйым басшылары, ақсақалдар, қоғам белсенділері, асабалар және дін қызметкерлері қатысты.

Форум қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды.

Іс-шараны Маңғыстау облысының бас имамы  Әнуар Ізімбайұлы жүргізіп, қатысушыларға алғыс сөзін жеткізді. Одан әрі сөз кезегі қоғам қайраткерлері мен арнайы шақырылған қонақтарға берілді.

Жиында ҚР ардагерлер ұйымының орынбасары Өмірзақ Өзғанбайұлы қоғамдағы отбасы құндылығы жайында баяндады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфти кеңесшісі Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы мазмұнды баяндама жасап, қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Сондай-ақ, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Серікбай Құдайбергенұлы, қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек Спанұлы сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды сақтау, ысырапшылдықтың алдын алу жайында пікірлерін білдірді.

Форум барысында облыс бас имамы  Әнуар Ізімбайұлы «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу: тәртібі мен мәзһабы» тақырыбында баяндама жасап, дініміздегі үнемшілдік пен қарапайымдылық қағидаларын түсіндірді.

Сонымен қатар, «Қазақ тойының мәдениеті» тақырыбында қоғам белсендісі Жәнібек Қожық ой қозғап, той өткізудегі жауапкершілік пен дәстүр сабақтастығына назар аударды.

Асабалар атынан Сәттіғұл ағамыз той мәдениеті мен той төңірегіндегі өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, ысырапшылдық пен жөнсіз жарысқа жол бермеу қажеттілігіне назар аударып, ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, қарапайымдылық пен берекені басты орынға қою керектігін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып,  қатысушылан қорытынды сөз сөйледі.

Жиын соңында қонақтарға дастархан жайылып, түскі ас берілді.