Облыстық мешітте «Қажының рухани келбеті»семинары өтті
Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде қажылық сапарына ниет еткен жандарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Қажының рухани келбеті”тұғырнамасы баяндалды.
Рухани шараға облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы,Маңғыстау облысы бойынша қажылық бөлімінің маманы Айдос Жамбылұлы Муталиев қатысты.Келелі кездесу барысында облыс бас имамы жиналған жамағатқа қажының тұлғалық сипаты жайында, қажылық сапары жайында насихат айтып, қасиетті мекенге зиярат жасаудың маңызы мен тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, олардың тарапынан қажылыққа қатысты туындаған сұрақтарына жауап берді.
