ҚМДБ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІ МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Сапар барысында облыстың бас имамымен бірге Мұнайлы ауданында салынып жатқан Бекет ата медресесі және Ақтау қалалық Шопан ата мешітінің жанында бой көтеріп жатқан медресе құрылысының барысымен танысты.
Сапар аясында болашақ білім ордасының құрылыс жұмыстары қаралып, оның өңір үшін маңыздылығы ерекше атап өтілді. Аталған медресе – діни білім мен тағылымның ордасына айналатын рухани орталық болмақ.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, Бекет ата медресесі мен Шопан ата мешітінің жанынан салыныып жатқан қыздар медресесі биыл пайдалануға беру көзделуде.

