blog Images

«ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өңір имамдарына арналған «Отбасы құқығы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Дін қызметкерлерінғ арналған семинарға ҚМДБ  Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы,мешіт имамдары,мешіт ұстаздары қатысты.
Семинарды облыстық мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы жүргізіп,  отбасы – қоғамның негізі екенін атап өтіп, ерлі-зайыптылардың өзара құқықтары мен міндеттері жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы отбасы мәселелеріне тоқталып, имамдарға насихат жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңызын жеткізді.
Оқу семинары отбасы институтының маңызын арттыру, қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту және шариғаттағы отбасы құқығы мәселелерін кеңінен түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында имамдар өзара пікір алмасып, салаға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.