Зағип жандарға арналған Құран Кәрім жинағы сыйға тартылды
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, зағип жандардың білім алуына қолдау білдіру және оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы бағытта Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің кітапхана қоры жаңа рухани әдебиеттермен толықты.
Атап айтқанда,Брайль әдісімен жазылған зағип жандарға арналған 8 томдық толық Құран Кәрім жинағы мешіт кітапханасына сыйға тартылды. Бұл – ерекше қажеттілігі бар жандардың діни білім алуына жасалған маңызды қолдау.
Сонымен қатар, кітапхананың тұрақты оқырманы Арайлым Көшімбайқызына Құран Кәрімнің 26–30 паралары жинағы табысталды. Қазіргі таңда ол 30-параны толық жаттап, 29-параны жаттау үстінде.
Алла Тағала ілімін арттырып, жаттаған Құранын берекелі етсін!
