«Әль-Хаким» мешітінде Құран жарысы өтті
«Әль-Хаким» мешітінде жас шәкірттер арасында Құран Кәрімнің соңғы 30-парасынан жарыс ұйымдастырылды.
Рухани сайысқа қатысқан талапты шәкірттер өзара бақ сынап, білімдері мен жаттау қабілеттерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша;
І орын- 30 000 теңге,
ІІ орын- 20 000 теңге,
ІІІ орын- 10 000 теңге көлемінде жүлделер табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Аталған игі шара мешіттің бас имамы Дінмұхаммед Шындаулетұлының ұйымдастыруымен өтіп, жас буынды Құран үйренуге баулу мен діни білімді насихаттауға бағытталды.
