Маңғыстау аудандық мешіті сенбілік жұмыстарын жүргізді
Маңғыстау аудандық мешітінің имамдары Балажан әулие аумағында тазалық шарасын ұйымдастырып, сенбілік өткізді.
Игі шара барысында қасиетті орынның айналасы тазартылып, қоршаған орта ретке келтірілді. Сенбілікке қатысқан дін қызметкерлері бірлесе еңбек етіп, тазалықтың маңыздылығын насихаттады.
Бұл бастама – табиғатты аялау, қасиетті орындарды құрметтеу және қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды іс болды.
