Сүйінғара батыр мешітінде 35 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылдық Сүйінғара Үргенішбайұлы мешітінде ҚР Конституциясының 35 жылдығына орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара аясында 35 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлік және қажетті тұрмыстық заттар үлестірілді. Бұл қайырымдылық акциясы қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттауға бағытталды.
Шара барысында мешіт қызметкерлері мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, жамағатты ізгі істерге үндеді.
