Сүйінғара батыр мешітінде «Бас имам сағаты»өтті
Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылдық Сүйінқара Үргенішбайұлы мешітінде «Бас имам сағаты» ұйымдастырылды.
Тағылымды шара барысында мешіт имамы Әли Асқарұлы жамағатпен жүздесіп, дінімізге қатысты маңызды пәтуалар мен түсіндірмелерді жеткізді.
Кездесу барысында имам қазіргі қоғамда туындайтын діни сұрақтарға тоқталып, шариғат талаптарын дұрыс түсінудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, пайдалы кеңестерін ұсынды.
