«Сүйінғара батыр»мешітінде Ораза айт мерекесі тойланды
Жетібай ауылдық Сүйінғара батыр мешітінде Ораза айт мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Мереке қарсаңында мешіт ауласында киіз үйлер тігіліп, келген қонақтарға ақ дастархан жайылды. Жамағат пен ауыл тұрғындары айттың шаттығын бірге бөлісіп, бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, түрлі сайыстар өткізілді. Шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді.
