«Қосай ата» мешіті:Ораза айтта мешіт қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Теңге ауылдық Қосай ата мешітінде Ораза айт мерекесіне орай мешіт қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Мешіт қызметкерлеріне айт мейрамының құрметіне бір реттік айлық сыйақы табысталды.
Мешіттің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы дін қызметкерлерін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, олардың ел игілігі жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ, әрбір қызметкерге береке, табыс тіледі.
