Ар-Рахман мешітінде Ораза айт мерекесі тойланды
Ораза айт мерекесіне орай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешіті ауқымды шара ұйымдастырды.
Мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің ауласында ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өткізілді.Атап айтқанда:гір тасып көтеру,қазақша күрес,арқан тартыс сайыстары өткізіліп,жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, құлшылық үйінің ауласына киіз үйлер тігіліп,мерекелік жиынға арналып дастарқан жайылып,ас берілді.
