Төлей ишан мешітінде Ораза айт мерекесі атап өтілді
Басқұдық ауылдық Төлей ишан мешітінде Ораза Айт мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді.
Мұсылмандардың Қасиетті Ораза Айт мерекесі құлшылықпен басталады. Мешіт бас имамы Қалдыбай Наурызбай барша жанды Ораза айтпен құттықтап,жамағатпен бірге ел амандығы үшін дұға жасады.
Сондай-ақ,мешіт ауласында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Атап айтқанда: ләңгі тебу, асық ату, қол күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру. Жүлделі орын иелеріне сыйлықтар беріліп, мақтау қағазымен марапатталды.
