Ораза айт мерекесіне орай ұлттық спорт түрінен сайыс өткізілді
Ораза айт мерекесіне орай Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің ауласында ұлттық спорт түрлерін сайыс өтті.
Жұма намазынан кейін бастау алған мерекелік жиын жамағаттың көтеріңкі көңіл-күйімен өрбіді. Қатысушылар гір көтеру, қол күрес, арқан тартыс және қой көтеру секілді дәстүрлі ойындарда өзара сынға түсіп, күш-қайраттары мен шапшаңдықтарын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан азаматтар марапатталып, үздік шыққан жеңімпаздарға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.