blog Images

«Әбіш қожа»мешітінде Ораза айт мерекесі атап өтілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа»мешітінде  Ораза Айт мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді.
Мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын айтулы мереке – Ораза айт мейрамы Әбіш қожа мешітінде ерекше ықыласпен басталды. Таң намазында мешітке ағылған жамағат алдымен Айт намазын оқып, еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға етті.
Намаздан соң мешіт ауласында немесе арнайы тігілген киіз үйде мерекелік ақ дастархан жайылды. Бұл игі шараның басты қонақтары – елдің ұйытқысы болып отырған ақсақалдар мен қариялар болды.Ақ дастархан басында  ұлттық тағамдар ұсынылып, мерекелік көңіл-күй орнады.Сондай-ақ,Дін мен дәстүрдің сабақтастығы туралы ғибратты әңгімелер айтылды.
Ел ағалары мен қарияларымыз жас буынға ақ батасын беріп, отбасыларына бақ-береке, елімізге тыныштық тіледі.