blog Images

Оразмағанбет ахун мешіті “Рамазанда бір тал ек”акциясына үлес қосты

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық”Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы” мешітінің ауласына жеміс ағашы отырғызылды.

«Атадан мал қалғанша,тал қалсын» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Мешіт қызметкерлері мен жамағаттың бірлесіп атқарған бұл шарасы көпке үлгі болары анық. Көктем келіп дала әсемдене түскенде оған өз үлесіңізді сіз де қосыңыз.