Баянды ауылдық мешітінде Ораза Айт мерекесі тойланды
Баянды ауылдық мешітінде Ораза айт намазынан соң,мешіт ауласында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мешіт қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан шара барысында , гір көтеру, арқан тартыс,ләңгі тебу және өзге де ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтті.Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.Мерекелік шара соңынан дастархан жайылып,жамағат бас қосты.
