Қадір түніне орай Ар-Рахим мешітінде білім сайысы өтті
Қадір түні қарсаңында Мұнайшы ауылдық Ар-Рахим мешітінде жамағат арасында білім сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар діни білімдерін ортаға салып, өзара бақ сынады.
Шара соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Мешіт бас имамы Заир Мұхаммед Юсуфұлы жиылған жамағатқа насихат айтып, қасиетті Қадір түнінің маңыздылығын түсіндірді.
