blog Images

Қадір түні қарсаңында Мұханмедин Шихыұлы мешітінде қариларға құрмет көрсетілді

Қасиетті Қадір түніне орай Қызылсай ауылдық Мұханмедин Шихыұлы мешітінде Құран хатым жасалып, жамағатпен бірге тағылымды рухани кеш өтті.

Игі шара барысында бір ай бойы мешітте Құран хатым жасаған екі қариға құрмет көрсетіліп, оларға арнайы Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық киімі шапан жабылып,қаржылай сыйлықтар табысталды.