blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Дін мен дәстүр»білім сайысы өтті

Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды.

Іс-шараға 60-тан астам жамағат қатысып, өзара білімдерін сынады.Сайыс барысында қатысушыларға дін мен ұлттық дәстүрге негізделген мазмұнды сұрақтар қойылып, олардың танымы мен ой-өрісі бағаланды. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың белсенділігі ерекше байқалды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иелері анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл игі шара жамағат арасында діни білімді арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.