blog Images

«Әбіш қожа»мешітінің жамағаты арасында білім сайысы өтті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбішқожа» мешітінің жамағаты арасында «Иман негіздері» кітабы бойынша өткен сайыс өтті.
Иман — адамзаттың асыл қазынасы
Кез келген қоғамның тұрақтылығы мен әрбір тұлғаның ішкі тыныштығы оның сеніміне тікелей байланысты.
«Иман мен сенім мәселесі — біздің рухани тірегіміз. Мұндай сайыстар тек ақпарат жинау үшін емес, білімді жүрекпен сезініп, имандылықты іспен дәлелдеу үшін аса маңызды», — деп атап өтті бас имам Қажымұқан Далубайұлы.
Сайысқа қатысушылар «Иман негіздері» кітабындағы іргелі тақырыптар бойынша бақ сынасты. Қазылар алқасы қатысушылардың жауаптарындағы дәлдік пен тереңдікке баса назар аударды.
Білім додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға рухани ізденістері үшін  қаржылай сыйлықтар табысталды;
Белсенді  қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары арнайы  алғыс хаттар беріліп, олардың білімге деген құштарлығы ерекше аталып өтті.