blog Images

«Шаңырақ»мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде «Бір күнде бір мұқтажға көмек» атты қайырымдылық акциясы аясында игі іс жүзеге асты.

Аталған шара мешіттің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының бастамасымен ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі баласы бар анаға азық-түлік себеті табысталды. Бұл қайырымдылық – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыруға бағытталған игі амалдардың бірі.

Осындай сауапты істер арқылы мешіт жамағаты игілікті іске атсалысып, қайырымдылықтың маңызын насихаттауда.

Жаңаөзен қалалық мешіті алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын жалғастырып, қоғамдағы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарын тұрақты түрде жүргізе бермек.