blog Images

Қадір түні қарсаңында «Төлей ишан»мешітінде білім сайысы өтті

Қасиетті Қадір түнінде Басқұдық ауылдық Төлей ишан мешітінде жамағат арасында мазмұнды рухани сайыстар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Құран оқу сайысы өткізіліп, қатысушылар қасиетті Құран  аяттарын көркем әрі мәнерлеп оқу бойынша өзара бақ сынасты.

Сонымен қатар, жамағаттың діни білімін арттыру мақсатында сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.

Шара қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен жамағат  арнайы марапатталып, кеш барша қатысушыларға ерекше рухани әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.