Қадір түні қарсаңында «Төлей ишан»мешітінде рухани шара өтті
Қасиетті Қадір түні қарсаңында Басқұдық ауылдық Төлей ишан мешітінде тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Рухани кеш барысында мешіттің ақсақалдары мен белсенді жамағат мүшелеріне құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды.
Бұл игі бастама – дін жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға деген алғыс пен ризашылықтың көрінісі болды.
