«Әбіш қожа»мешітінде қарилар мен мешіт жамағатына құрмет көрсетілді
Мың айдан да қайырлы қасиетті Қадір түнінде Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа»мешітінде ерекше рухани іс-шара өтті.
Биылғы қасиетті түн тек құлшылықпен ғана емес, сонымен қатар асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген тұлғаларға құрмет көрсетуімен де ерекшеленді.
Рамазан айы бойы тарауих намаздарында Құран хатымын жасаған қарилар мен мешіттің игі істеріне демеушілік көрсетіп, жанашырлық танытқан азаматтар арнайы марапатқа ие болды.
Сонымен қатар мешіт жанашырларына арнайы Меккеден алдырылған Кисуа сыйлығы табысталды. Бұл шара жамағаттың бірлігін арттырып, қасиетті Рамазан айы мен Қадір түнінің рухани мәнін дәріптеуге бағытталды.
