blog Images

«Қосай ата»мешіті:Қадір түні қарилар мен мешіт жамағатына сый жасалды

Теңге ауылдық «Қосай ата»мешітінде қасиетті Қадір түнінің қарсаңында ерекше рухани шара өткізілді.

Бір ай бойы қасиетті Рамазан айында Құран хатымын толық аяқтаған қариға құрмет көрсетіліп, қазақи дәстүрмен шапан жауып, сый ретінде түйе мінгізілді.

Сондай-ақ мешітке тұрақты қатысып, ауызашарда батасын беріп, тарауих намазында Құранға соңына дейін қатысып, алдыңғы сапта тұрып жастарға үлгі көрсеткен аталарымыздың қажырлы еңбегіне құрмет көрсету мақсатында қазақи дәстүрмен шапан жапты.

Сонымен қатар, мешіттің қызметіне белсенді түрде қатысқан жанашыр азаматтарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.