blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде 7отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінде қасиетті Рамазан айында «Бір күнде – бір мұқтажға көмек» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Аталған игі бастама аясында мұқтаж 7 отбасыға азық-түлік және қажетті көмек берілді. Қайырымдылық көмегін мешіт имамдары  табыстап, жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – сауапты іс екенін атап өтті.