blog Images

Сайын Шапағатов мешітінде 35 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 35 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Қайырымдылық көмекті мешіттің бас имамы Арман Досанов табыстап, жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұндай қайырымдылық шараларының қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттыратынын атап өтті.

Акцияның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, Рамазан айындағы сауапты істерді көбейту.