blog Images

Түпқараған аудандық мешітінде Қадір түніне орай рухани шара өтті

Қасиетті Қадір түнінде Түпқараған аудандық орталық мешітінде жамағатқа рухани тағылымға толы арнайы шара ұйымдастырылды.

Шара барысында «Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты кітап жамағатқа таныстырылып, оның мазмұны мен маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жамағат арасында оразаға байланысты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылардың діни білімін арттыруға көңіл бөлінді.

Белсенділік танытып, сұрақтарға дұрыс жауап берген жамағатқа арнайы сыйлықтар табысталды.